Муратаева Айнаш Усенкуловна » №11 "бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№11 "бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Муратаева Айнаш Усенкуловна
14
июль
2023

Муратаева Айнаш Усенкуловна

Мен Муратаева Айнаш Усенкуловна 1974 жылы 24 қараша күні Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шыңбұлақ ауылында дүниеге келдім. 1981 жылы Т. Рысқұлов атындағы мектебіне бардым. 1991 жылы М. Горький атындағы орта мектепті аяқтадым. 2002 жылы Тараз қаласында орналасқан «Тараз-Ғасыр» колледжіне оқуға түсіп, 2005 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын алдым. 2005 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, 2008 жылы «Бастауыш сынып әдістемесі» мамандығын алдым. 

         2002 жылдың 21 қазанында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 балабақшасына тәрбиеші көмекшісі қызметіне орналастым.

2005 жылдың 14 желтоқсанынан бастап сол балабақшада тәрбиеші қызметіне ауыстым.

2014 жылдың 19 мамырынан бастап сол балабақшада әдіскер қызметіне ауыстым.

2019 жылдың 03 қазанынан бастап Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№11 бөбекжай-бақшасына» меңгеруші қызметіне тағайындалдым.

Тұрмыстамын. Екі бала тәрбиелеп отырмын. Жолдасым Муратаева Талғат Жарасович – зейнеткер. Үлкен ұлым – Муратай Бексұлтан Талғатұлы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде маман. Кіші ұлым – Жарас Асылбек Талғатұлы жеке кәсіпкер.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив