Тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру » №11 "бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№11 "бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(72)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру
11
август
2022

Тәрбиеші лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

КОНКУРС ӨТКІЗІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ!

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Аитеке би 44

Пошталық мекен-жайы: 11detskysad@mail.ru

Телефон нөмірі: 8 (7262) 43-63-81

Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№11 бөбекжай-бақшасы» МКҚК»

Бос лауазым атауы: тәрбиеші, орыс тобына

Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік – 90000 (тоқсан мыңнан жоғары)

Негізгі функционалдық міндеттері:

  1. Мекемеде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаунұсқауына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған тәрбиеленушілерге қарауды жүзеге асырады;
  2. Балаларға алғашқы көмек көрсетеді;
  3. Балалардың психикалық және дене дамуына, денсаулығын нығайтуға әсер ететін кешенді іс-шараларды үнемі медбикемен бірлесе атқарады;
  4. Бөбекжай-бақшаның басқа да қызметкерлерімен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру жұмысын жоспарлайды және ұйымдастыорады;
  5. Ұйымдастырылған оқу қызметіне жан-жақты дайындалады;
  6. Топта тәрбиелеу мен білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдай жасайды;
  7. Ұйымдасқан түрде балаларды келесі ауысымдағы тәрбиешіге тапсырады;
  8. Бөбекжай-бақша меңгерушісі мен медбикеге баланың денсаулығының өзгерістері жайлы дер кезінде хабарлайды. Балалардың қатысу табелін жүргізеді;
  9. Бөбекжай-бақшада жүргізілетін аурудың алдын алу егулері жайлы ата-аналармен жұмыс жүргізеді;
  10. Бөбекжай-бақшаға жаңадан келген балалардың бейімделуіне көмектеседі;
  11. Күн тәртібінің орындалуын қатаң сақтайды;
  12. Бөбекжай-бақшада  өтілетін педагогикалық кеңестер, семинарларға қатысады. Озық іс-тәжірибесін ендіреді;
  13. Үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, білімін жетілдіріп отырады. 

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген қағидатқа қойылатын біліктілік талаптары: диплом бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», жоғары білімді.

Құжат тізбесі:

  • Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
  • Кадрдарды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндеттері атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №59 ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Норкологиялық ұйымнан анықтама;
  • Біліктілік тестілеу сертификаты;
  • Түйіндеме.


                                   Конкурсқа құжаттар қабылдау мерзімі: 11.08 – 17.08.2022ж.