02
апрель
2026
"Тәртіп пен ұқыптылық"
Тәртіп пен ұқыптылыққа тәрбиелеу мақсатында топта жүйелі жұмыстар жүргізілді. Күнделікті іс-әрекеттер барысында балаларға тазалық сақтау, ойыншықтарды орнына жинау, жеке заттарына ұқыпты қарау дағдылары үйретілді.
Балалармен тақырыпқа байланысты әңгіме, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көрнекі құралдар мен суреттер қолданылды. Сонымен қатар, дидактикалық және сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы тәртіп ережелері бекітілді.
Күн тәртібі сақталып, балалардың өз-өзіне қызмет ету дағдылары (қол жуу, киіну, заттарын реттеу) дамытылды. Балалар тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға дағдыланды.
Нәтижесінде балалардың тәртіп сақтауы, ұқыптылығы артып, тазалыққа деген көзқарастары қалыптасты.


