Логопед лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру » №11 "бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
№11 "бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Reception room :
+7(72)54-57-40
bookkeeping:
+7(72)54-57-55
Version for
visually impaired
» » Логопед лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
17
July
2023

Логопед лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру

                                Логопед лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
                                       «Жамбыл облысы әкімдігінің  білім басқармасы
                                Тараз қаласының білім бөлімінің «№11 бөбекжай-бақшасы»
                                        мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
                                уақытша бос тұрған лауазымға (Логопед) конкурс жариялайды

Орналасқан жері: Тараз қаласы, 1 Тұйық көше Әйтеке Би, №44
Пошталық мекен-жайы: 080000, Тараз қаласы, 1 Тұйық көше Әйтеке Би, №44 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№11 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
Телефон нөмірлері: 8 (726-2) 43-63-81;
Электрондық пошта: 11sad@mail.kz, уақытша бос лауазым, жүктемесі – 1,0; 
Еңбекке ақы төлеу мөлшері, шарттары, белгіленген уақытша бос лауазым атауы: 120000-140000 теңге аралығында (еңбек өтілі, білімі және біліктілік санатына байланысты), еңбек шартына сәйкес еңбек ақысы әр айдың 10-жұлдызына дейін төленеді.
Біліктілік талаптары: жауапкершілік, нақтылық, шыншылдық, іскерлік, мейірімділік, шыдамдылық.

Қажетті құжаттар:

1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы және сурет;
4.Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің міндеттері атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №59 ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Норкологиялық ұйымнан анықтама;
9.Біліктілік тестілеу сертификаты;
10.Түйіндеме;
11.Бағалау парағы (11-қосымша).

Конкурсқа құжаттар қабылдау мерзімі: 17.07 – 27.07.2023ж.